Сәуірдің 3-ші жұлдызында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының Тараз қаласындағы іріктеу кезеңі өтті. Ақтық кезеңге жолдаманы 12 жасар Ділнұр Атагелді иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жолдаманы жеңіп алған жеткіншек 25-27 қазан күні Республика сарайының сахнасында өтетін ақтық кезеңінде Жамбыл облысының атынан өнер көрсетеді. Бірегей жобада 8 бен 12 жас аралығында 17 бала қатыспақ.
Іріктеу кезеңі Қалалық мәдениет сарайына ата-аналарымен, музыкалық тәлімгерлерімен және достарымен асыға келген қатысушылардың тіркелуінен бастау алды. Оларға кастингтің ережелері мен форматы түсіндірілген болатын.
Әділ қазылар алқасының мүшелері музыкалық продюсер Фарида Ниязова, ұйымдастырушы комиттетінің өкілі Толганай Хасен және танымал қазақстандық орындаушы Серік Гамза-Заде 9 сағат бойы жас дарындардың өнерлерін тамашалады.
Cондай-ақ, балалар дайындаған үш әндерін айтып, өз вокалды қабілеттірі мен әртістік шеберліктерімен таңғалдырды. Іріктеу кезеңінде қазақ, орыс, ағылшын, түрік, француз және басқа да тілдердегі әндер орындалды.
Айта кетейік, байқаудың іріктеу кезеңі 29 наурыздан 22 мамырға шейін өткізіледі. Ал келесі кастингтер 5 сәуір күні Шымкентте және 7 сәуір күні Туркістанда өтеді.