Өте маңызды әрі жауапты шешім

0 20

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы қазақстандықтарға жолдаған үндеуін зор ықыласпен тыңдадым.

Президенттік сайлай өткізу – еліміз бен халымыздың мүддесі үшін өте маңызды, өте жауапты шешім. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағы мен гүлденуі жолында қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіреді. Себебі, осыған дейін де болған бірнеше кезектен тыс сайлау елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып, саяси ахуалға оң өзгеріс әкелгенін қоғам көріп отыр. Кезектен тыс президент сайлауы – қазіргі ахуалға барабар. Еліміздегі тұрақты экономикалық саяси жағдайда – бұл ерекше маңызды.

Жамбыл ауданы ардагерлері Мемлекет басшысының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуін қолдайды. Дәл осындай сәтте барлығымыздың ауызбіршілігіміз, болашаққа деген сеніміміз қажет.

Бақыт Сырлыбаев,

Жамбыл аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.