Кітапханашылар қолдау білдіреді
Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеуді Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары орталық кітапхананың оқу залында ұжым болып тыңдады.
Үндеуде еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған сәттен бастап күннен-күнге күшейіп, дамып келеді. Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы –Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды! – деп сенім білдіре отырып, Президенттің бұл шешіміне Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы дқолдау білдіреді.
«Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалы
«Аудандық кітапхана» бастауыш партия
ұйымының төрайымы, Талас аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры
Жұмабекова Шынаркүл Шеңгелбайқызы, Талас ауданы