Халық бұл шарадан тыс қалмай өздерінің еркін таңдауын жасайды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстан халқына Үндеу жариялап, кезектен тыс президенттік сайлау ағымдағы жылы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. Бұл менің пікірімше, дер кезінде қабылданған шешім. Себебі, Елбасының көреген саясатының арқасында елімізде билік транзиті бейбіт жолмен өтті.
Елдің ішкі-сыртқы саясаттағы тұрақтылығын сақтау үшін президенттік сайлау өтіп, жаңа мемлекет басшысын халық болып сайлағанымыз аса маңызды. Елімізде бұған дейін 5 рет президенттік сайлау өтіп, халық өз таңдауын жасаған болатын. Ол науқандардың барлығы демократиялық принциптерге сай өткені баршамызға мәлім.
Енді тағы да осындай сындарлы сәт туған кезде, халқымыз бұл шарадан тыс қалмай өздерінің еркін таңдауын жасайды деп сенемін.
Алпысбай Жұмаханов
Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Жамбыл облысы.