Толықтай қуаттаймын

0 10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сәуір күні Қазақстан халқына жариялаған Үндеуін тыңдадым. Мемлекет басшысы Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауын екі айдан кейін, яғни 9 маусым күні өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Мұндай аса жауапты шешімді қабылдау үшін Елбасымен ақылдасып, Конституциялық Кеңес, Парламенттің қос палатасының спикерлерінен бастап жан-жақты сараланғаны, салмақталғаны айтылды.

Біз – бейбітсүйгіш халықпыз. Тәуелсіздігімізді қасиет тұтамыз. Елбасымыздың салып кеткен сара жолымен қарыштап дамып келе жатқан елміз. Ел азаматтары әділдік пен татулықты ту қып ұстап, ынтымақ-бірлікте алдағы асулардан өте білуіміз қажет деп білемін. Мемлекет басшысының жариялаған Үндеуінің мазмұнын терең ұғынып, қабылдаған шешімін толықтай қуаттаймын.

Берік Қалиев

«Асқақ рух – еркін ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.