Бірлігі бар ел озады

0 2

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуін жариялады. Мемлекет басшысы Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуін тыңдай отырып, ел болашағы үшін қабылданған оң шешім екенін түсіндім. Әрбір шешім Қазақстан халқы үшін, оның келешегі үшін жасалған зор қадам болмақ.

Бұл аса маңызды шешім. Өзге ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан ең мықты мемлекеттердің біріне айналды. Елбасы Н.Назарбаевтың елімізге жасап кеткен сарабдал саясатының арқасында әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп, бәсекеге қабылетті ел болдық. Еліміз тыныш, бейбітшілік заманда өмір сүріп келеміз. Іргесі мығым еліміздің тыныштығы сіз бен біздің қолымызда. Дана халқымызда «Бірлігі бар ел озар» деген сөз бар. Ынтымақта, бірлікте, ұйымшылдықпен жұмыс атқарып, елімізде болып жатқан өзгерістерге оң ықпалымызды тигізсек, нұр үстіне нұр болмақ. Сондықтан алдағы 9 маусымда өтетін Президент сайлауына бір кісідей атсалысып, дауыс берейік. Елдігімізді, ерлігімізді көрсету әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп білемін.

Жанат Жұмаділдаев — аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Саудакент ауылының тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.