Жастар үндеуді қолдайды

0 2

Қазақстан Респкбликасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін жастар болып тыңдадық. Жақында ел үшін ерекше оқиғаның куәсі болатынымызды баяндады. Егемен елдің ертеңіне көз жүгірткен Қасымжомарт Кемелұлы маңызды қадам жасап үстіміздегі жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін хабарлады.

Армандар алдымызда құлаш ұрып тұрған сәтте көшбастайтын, елдің жүгін арқалап Отанын ардақтайтын азамат қана елдің тірегіне айналады. Осыны ойлаған Қасымжомарт Тоқаев тоқсан ауыз сөздің төрелігін халықтың дауысына салды. Өз кезегімде, жастар үндеуді қолдайтынын жеткізгім келеді. Жасампаз ел үшін жасалып жатқан қадам жақсылыққа айналғай!

«Жастар ресурстық орталығының» директоры

Жасұлан Бегулиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.