Міне, санаулы сәт өтсе де елді елең еткізген оқиға болды. Президент Қасымжомарт Тоқаев өзінің үндеуінде 9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін хабарлады.
Тағылымы мол тарихи сәтте жастар ерекше күйге бөленді. Тағылымы мол деп отқан себебім, еле оң өзгеріс болғалы тұр. Жаңа Президент, жаңа леп, жаңа тарих қайтадан жазылады.
Елбасы Н.Әбішұлының дара жолын жалғастыратын көшбасшы жастарға керек екені мәлім. Ағалардың арғымақ жолын жалғап келе жастар сенімді ақтау үшін серпінге толы жұмыстарды жүргізу бізге парыз. Сол үшін «Жас Отан» жастар қанаты талмай еңбек ету жолында жарқын қадамдарға жол бастай береді.
«Жас Отан» жастар қанаты
Сарысу аудандық филиалының төрағасы
Самат Тоқбанов