Облыс әкімі Жамбыл ауданындағы «Ақкөл» шаруа қожалығына ат басын бұрды

0 28

Келесі кезекте Асқар Мырзахметов осы ауылдық округтегі «Ақкөл» шаруа қожалығының тамшылатып суару әдісімен егілген 50 гектар пияз алқабына ат басын бұрды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Егін және мал шаруашылығы бағытында қызмет ететін қожалық меншігінде жалпы аумағы 7 399 гектар жер бар. Оның 1 102 гектарына егін егілсе, 6 мың гектары жайылымдық мақсатқа пайдаланылады.

Жалпы, шаруашылық биылғы жылдың өнімі үшін күздік бидай – 110 га, жаздық арпа – 120 га, мақсары – 115 га, қант қызылшасы тамшылатып суару технологиясымен – 50 га, көпжылдық шөп – 200 га және көкөніс – 150 гектарға еккен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.