Облыс басшысы Бектөбе ауылындағы жылыжай кешенінің жұмысымен танысты

0 5

Жұмыс сапары аясында Асқар Мырзахметов Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылы ашылған кешен құрылысына 157 289 мың теңге жұмсалған. Оның 137 289 мың теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл филиалынан алынса, 20 000 мың теңге – қожалықтың өз қаражаты.

1 гектар аумақта орналасқан жылыжай жылына 400 тонна өнім алуға негізделген. Осы мақсатта еңбектеніп келе жатқан шаруашылық өткен жылы 356,3 тонна қияр жинаған. Бүгінгі таңда мұнда 20 адам тұрақты қызмет етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.