Асқар Мырзахметов Жамбыл ауданындағы жеміс-жидек сақтайтын қойманың тыныс-тіршілігін көрді

0 3

Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барған Асқар Исабекұлы осы елді мекендегі «Жаңа Кемер құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеміс-жидек сақтайтын қоймасының жұмысымен танысты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылдың қазан айында жүзеге асырылған жобаға жалпы сомасы 747 млн. теңге жұмсалған.

5 000 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде 2 000 тонна жеміс-жидек және 3 000 тонна көкөніс сақтауға арналған қойма жобалық қуатына 2019-2020 жылдары шығады деп күтілуде. Қазіргі таңда, мұнда 160 тонна алма сақталып тұр. Қоймада сақталатын өнім еліміздің көлемінде, оның ішінде бірінші кезекте Жамбыл облысы және Нұр-Сұлтан қаласының нарығына шығарылады. Алдағы уақытта өнімді Ресей Федерациясына экспорттау көзделіп отыр.

Қойманың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 257 метр электр желісі тартылып, 400 кВт трансформатор орнатылған. Нысанға 247 метр жерге газ тартылған, ұзындығы 220 метр жол салынған. 48 метр тереңдіктен ауызсу алуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.