Президентті таңдау арқылы өз ұрпағымыздың болашағын таңдаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты қабылдаған шешімін толық қолдаймын.
2019 жылдың маусымында өтетін сайлау еліміздің жаңа серпінмен дамуына себепкер болады деп сенемін. Ал жаңа сайланған мемлекет басшысы Конституциямен айқындалған егемендігіміз бен қауіпсіздігіміздің гаранты болып, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін одан ары бекемдей түсуі керек.
Ортақ отанымыз — Қазақстанның саяси тұрақтылығы, оның экономикалық дамуы әрбір адамның азаматтық позициясына тікелей байланысты.
Біз Президентті таңдау арқылы өзіміздің ұрпағымыздың болашағын таңдаймыз. Сондықтан, барша қазақстандықтар сайлауда өзінің ертеңі үшін барынша белсенділік танытуы маңызды.
Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер
қауымдастығының төрайымы
Гүлдара Нұрымова