Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға немесе асыраушысына мүгедек бала кәмелет жасқа толғанға дейін төленетін мемлекеттік жәрдемақы осы жылдың 1шілдесінен бастап 30% ұлғаяды.
Бұл туралы бүгін Сенаттың «Мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.
«Қазақстанда 680 мыңнан астам мүгедек тіркелген. Соңғы 5 жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып отыр. Мүгедектігі бар балалардың құқығын әлеуметтікқорғау – біздің еліміздің отбасы туралы заңнамасының бөлігі. Мүгедектігі балалардыңқұқығын қорғау жүйесінің көпжылдық тарихы бар және біздің Тәуелсіз Қазақстанымызбен қатар дамып келеді. Бүгін Қазақстанда 680 мың мүгедектігі бар адамдардың ішінде балалардың жалпы санының 1,5% және мүгедектердің жалпы санының 12,8%-ын, яғни (18 жасқа дейінгі) 87 мыңын мүгедектігі бар балалар құрайды. Мүгедектердің жалпы құрылымында балалар үлесінің өсу серпінібайқалады. Осылайша соңғы 7 жылда өсім 2% дейін тартып отыр. ҚР мүгедектік себептерініңжинақталған құрылымының жетекші рөлі аурулардың 3 тобына тиесілі. 2018 жылдыңқорытындысы бойынша бұл нерв жүйесінің ауруы, туа біткен ауытқулар жәнепсихикалық бұзулар. Оладың жылпы үлесі 72,8% құрайды. Сонымен бірге, естуқабілеті бұзылған балалардың саны 4500, көру қабілеті бұзылғандар 4500, жүріп-тұруаппараты бұзылғандар 28 мың, оның ішінде арба пайдаланатыны 4400 бала бар. Негізгіәлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу мен оңалтуәдістерін жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу, жүктіліктің әртүрлісатысында скринингті жүргізу бойынша жұмыстың жүргізілуіне қарамастан, балалар арасындамүгедектікке алғашқы шығудың өсу үрдісі сақталып келеді. Алғаш рет мүгедекдеп танылғандардың арасында 2016 жылы 11мың адам немесе 21,9%, 2017 жылы 11,6 мың адам немесе 22%, 2018 жылы 11,8 мыңадам немесе 22% құрап отыр. Жастық құрылымда 42% жуығы 3 жасқа дейінгі балалардықұрайды. 1 жасқа дейінгі 2094 баланың туғанынан мүгедектігі бар. Басқа 1 жасқадейін 1905, 2 жасқа дейін 1068 бала бар. 2018 жылғы мәлімет бойынша 1 жасқадейінгі мүгедек деп танылатын балалардың саны 2040 адам болды», — деді ол.
Айтуынша, жаңа технологиялар туа біткен ауытқулардың көрсеткішін азайтқан.
«Туа біткен ауытқуларды анықтауда жаңа технологиялар енгізіліп, оларды диагностикалаубіршама жақсарған. Жүрек-қан тамырлары 27,5%, сүйек-бұлшықет жүйесі 17,7% жәнеорталық нерв жүйесі 16,6% ауруға басым. Екінші орында 2017 жылы үлес салмағы 23,7%,2018 жылы 22,9% нерв жүйесі аурулары төмендеген. Үшінші орында, арасындаақыл-ой кемістігі 52,9%. Төртінші орында, 2018 жылы 5,1 % өскен эндокриндікжүйе аурулары. Жүргізілген талдау одан әрі шешуді талап ететін мәселелердіңбарын көрсетеді. Балалар арасында мүгедектіктің алдын алу мен скринингтіжүргізу деңгейінің жеткіліксіздігі, денсаулық сақтау жүйесіндегі оңалтуорталықтарының қолжетімсіздігі, мүгедектігі бар балалардың мектепке дейінгіорындардың болмауы, оларды қабылдауға дайын жалпы білім беретін ұйымдаржелісінің жетіспеушілігі, даму мен дайындықтың барлық деңгейдегі мүгедекбаланың даму процесін ұйымдастыру үшін бағдарламалар мен әдістемелердіңболмауы. Мүгедектігі бар балалардың заңдық құқығы мен заңдық мүдделерінқамтамасыз ету үшін мемлекет пен ата-аналар арасындағы жауапкершілікті бөлуарқылы көпдеңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі қызмет етеді», — деді вице-министр.
Светлана Жақыпова шілде айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардыңжәрдемақысы шілдеден бастап 30% артатынын атап өтті.
«Мүгедек бала кәмелет жасқа толғанға дейін оның асыраушыларына (ата-ана,бала асырап алушыға) Елбасының 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 шілдесіненбастап аталған жәрдемақы көлемі 30% артады, — деді ол.
Айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды білім алуы, оңалтуыүшін қосымша 34 млрд теңге бөлінеді.
«Ерекше білім беру және қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 14-15%үйде білім алады. Оларға жергілікті бюджет есебінен мектеп құралдарын сатып алужәне үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтеледі. 2018 жылы аталған шығындарға 694млн теңгені құрайтын 13480 адамға төленді. Төлемнің орташа мөлшері 4139 теңгеніқұрайды. Әлемдегі жаңа технологияларын ескере отырып, құралдар тізбесі жаңарды.Сондықтан оңалтудың жаңа құралдары 32-ден 55-ке дейін кеңейтілді. Бұл заманауиноутбуктарды, ескірген плеерлер мен телефондардың орнына смартфондарды алуғамүмкіндік береді. Жыл сайын 30 мыңнан астам мүгедек балаларға ымдау тілімамандарының қызметтері ұсынылады. Бұл қызметесту қабілеті бұзылған мүгедектерге басқа адамдармен араласуға, оқу, жұмысқатұру және өз құқығын қорғау, мемлекеттік органдар мен консультациялар алу,ақпарат алу барысында көмек береді. Оңалту құралдарын қамтамасыз етужұмысымемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетінболады. Қазір біз Ұлттық жоспар жасап жатырмыз. Сол Ұлттық жоспардың бюджеті қосымша34 млрд теңгені қажет етеді. 100% бәріне өздерінің әлеуметтік құқытарын жүзегеасыру үшін осынша сома қажет. Сондықтан қазіргі кезде келісім рәсімдеу құжатыжергілікті органдар мен Қаржы, Ұлттық экономика министрлігімен қарастырылыпжатыр. Қазір бұл құжаттардың орындалуы 57-68% аралығында тұр», — деді Жақыпова.
Дереккөз: baq.kz