Елімізде бірнеше жыл игерілмеген 600 мың гектар жер қалпына келтіріледі

0 7

Бүгінде ел бойынша 1,4 миллион гектар суармалы алқап бар. Көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, бірнеше жыл бойы игерілмей қалған 600 мың гектар жер қалыпқа келтіріледі. Жаңадан бір жарым миллион гектар аумақ жыртылып, дән себілетін болады. Жалпы санаулы күнде еліміздің солтүстік өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары басталады. Қазір дайындық қызу.

Жауапты шаққа деп былтыр 823 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде 19 ауыл шаруашылығы техникасы мен 21 арнайы жабдық сатып алыныпты. Трактор, дән сепкіштен тапшылық болмайды. Бірақ қазір жерде ылғал аз. Дей тұрғанмен, диқандарымыз науқанды дер уақытында бастамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.