ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңілін білдірді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Әлемдік және француз мәдениетінің бірегей ескерткіші, Нотр-Дам-де-Пари соборында болған жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін», — деп жазады Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында.
Еске салсақ, Париж қаласындағы Нотр-Дам соборында өрт шыққаны және алапат өрттің сөндірілгені туралы хабарланған болатын.