Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.
Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 22, 2019
Хаттаманың 90,25 пайызы саналғаннан кейін Владимир Зеленский Украина президенті сайлауында 73,18 пайыз дауыспен көш бастап келе жатыр. Ал Петр Порошенко үшін украиналықтардың 24,4 пайызы дауыс берген.