Қазақстандық көкпаршылар Азия чемпионатында топ жарды

0 7

Алматы облысында ат спорты түрлерінен жастар арасындағы бірінші Азия чемпионаты аяқталды.

Бір аптаға созылған байрақты бәсекеде бабы келгендер топ жарды.

Азия біріншілігінің финалдық кезеңінде Панфилов кентіндегі атшабар жанкүйерлерге лық толды. Көрермендер арасынан ел спортының тізгінін ұстаған басшылар мен  облыс және қала әкімдері сондай-ақ алыс-жақыннан келген мәртебелі меймандар да бой көрсетті.  Бүкіләлемдік этноспорт форумына келген мамандар ұлттық спортымыздың құндылықтарына тәнті болды.

Бір аптаға созылған жарыста үміткерлер ат спортының 4 түрінен сайысқа түскен еді. Аударыспақта жерлестеріміз Нұрбек Аманжол мен Құралбай Ермек, және Нармағанбет Иманғазыұлы мен  Ғабит Ағабектер өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанса, ең ауыр салмақта Моңғолиядан келген қандасымыз Жеңісбек Серікұлы жеңіске жетті. Баянөлгейде туып өскен Жеңісбек теңге ілуден қола жүлде иеленсе, көкпар тартып күміс алды.

Жеңісбек Серікұлы, Моңғолия құрамасының мүшесі:

– Ат спорты түрлерінен жақсы нәтижелер көрсетіп жүргенмін. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрған жоқ. Жамбы ату мен теңге ілуден де қазақ жастарының қанжығасы майланды. Ал жұрт асыға күткен көкпаршылар сайысының финалында біздің жігіттер Моңғолия құрамасымен күш сынасты. Жергілікті жанкүйерлер алдында қазақ жастары аянып қалған жоқ. Дегенмен Баянөлгейден келген қандастарымыз да намысқа тырысып, 4 салым салды. Есеп 7:4. Қазақстан құрмасының пайдасында.

Атамекен Нәбиұлы, көкпардан Қазақстан жастар құрамасының бапкері:

—  Жастар құрамасы болғаннан кейін бірінші чемпионат болып тұр ғой. Бұрын үлкендер қатысқан кезде олар, әрине, тәжірибелері көп болды да қазір бұл жастардың тәжірибесі аздау. Бірақ, дегенмен, жақсы дайындалып келген командалар.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.