Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчеспен қош айтысты. Бұл туралы боксшыны өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Шешім қабылдау қиынға соқты. Бұл Абельдің кәсіпқойлығын көрсетпейді. Ол тамаша жаттықтырушы. Жаңа бапкерімді жақын уақытта хабарлаймын. Абельді бар үйреткеніне алғысымды айтқым келеді», — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.
Ал мексикалық бапкер Абель Санчес жағдайды былай деп түсіндірді:
«Бүгіннен бастап Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін Тоғыз жыл сәтті жұмыс істегеннен соң, талай рекордтарды бағындырып, Даңқ залында орын алғаннан кейін, DAZN-мен құны 100 миллион доллар болатын келісімшартқа отырғаннан соң ол маған намысыма тиетін келісімшарт ұсынды», — деді Санчес Yahoo! Sports басылымына.
Санчес пен Головкин 2010 жылдан бастап бірге жұмыс істеп келді. Бұған дейін қазақстандық боксшы Абель Санеческе тиесілі Big Bear лагерінде жаттыққан. Геннадий Головкин мексикалық бапкердің қол астындағы соңғы жекпе-жегін өткен жылы Сауль Альвареске (51-1-2, 35 КО) қарасы өткізіп, WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерінен айырылды.
Головкиннің 41-ші қарсыласы жайлы 7 дерек
Triple G келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йоркте (АҚШ) канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады. Кездесу 164 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.
Дереккөз: massaget.kz