Жамбылда «Медицина жаныңызда!» әлеуметтік акциясы өтті

0 12

Ағымдағы жылдың 26-сәуір күні Жамбыл облысының Талас және Сарысу аудандарында, Бөлтірік, Көшек және Жайылма ауылдарында «Медицина жаныңызда!» әлеуметтік акциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған шарада терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігерлері, хирург, кардиолог, невропатолог және медициналық сақтандыру бойынша кеңесшіден тұратын дәрігерлік бригада, сондай-ақ, «Сау тіс» стоматологиялық креслосы және жылжымалы флюоромашина тегін және кең ауқымды медициналық көмек көрсетті.

Бұл ауылдар аудан орталығы Қаратау қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.

Акцияның мақсаты — медициналық пункті жоқ алыстағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына дәрігерлік және консультативтік көмек көрсету. ТМККК мен МӘМС пакеттерінің артықшылығын қарапайым және ұғынықты тілде түсіндіру. Әлеуметтік акция аясында медициналық орындары жоқ шалғайдағы елді-мекендерге медициналық және консультациялық көмек көрсету үшін дәрігерлік бригадалардың шығуы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халық әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде қандай көмек қолжетімді болатыны, ауылда медициналық көмек алу үшін қандай мүмкіндіктері бар болатыны туралы ақпарат берілді.

Бөлтірік ауылында халық саны 585 болса, оның ішінде 234 адамға, Көшек ауылында 280 адам түратын болса, соның 105-не сапалы медициналық көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.