2019 жылдың 19 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің №24 қаулысымен «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте офистің басшысы Серікбол Берікқожа айтты, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Спикер Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру барысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Серікбол Қайратұлының сөзінше, аталған мекеме қызметінің мақсаты — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және орындалуын бақылау. Сондай-ақ, онда бірқатар қызмет түрлері көрсетіледі. Мекеме басшысы көрсетілетін қызметтерге тоқталып өтті.
— Мақсатқа жету үшін мынандай қызмет түрлерін көрсетеді. «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» бағыттыры бойынша тиісті жұмыстар жүргізу, «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Ауыл ел бесігі» арнайы жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізу, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив — 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фальклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізу, — деді Ол.