Отанды қорғаушы күні қарсаңында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев бір топ әскерилерді қабылдады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Қабылдау барысында аудан басшысы Қазақстанның Қарулы Күштері өкілдерін төл мейрамдарымен құттықтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға байзақтықтар да өз үлестерін қосып отырғандығын жеткізді.
Рахматілдә Сегізбайұлы елдің тыныштығын, Отанымыздың қауіпсіздігін қорғау, сол үшін қызмет ету – ер-азаматтардың борышы екендігін атап өтіп, әскери қызмет-абыройлы міндет екендігіне екпін салды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан әскерилерге қолдау көрсетіліп отырғандығын атай келе, оларға күн сайын атқарып жатқан қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
Қабылдауда болған аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Көпбосын Нурдинов, 40336 Ақжар әскери бөлімнің командирі Сергей Ломов, Қайнар ауылындағы №28349 әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторлары Бекмахан Көлбаев пен Сабит Еспенбетов, 40336 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары Ерлан Аубатыров, осы бөлімнің 1-ші топ басшысы Руслан Ачегу, 28349 әскери бөлімде негізгі бөлімшелердің сақтау бөлімшесінің аға маманы Бауыржан Аманкелдиев, өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстарының әскери командасының маманы Нұрбол Сейдінабиев өздеріне құрмет көрсеткен аудан басшысына алғысын айтып, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Халық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскерилерге сый-сияпаттар ұсынылып, естелік суретке түсті.