Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық және қалалық ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Дүкенбай Ермеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Жастар авиациялық орталығы» ҚБ-нің төрағасы Анатолий Кисиль Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Қаһарман Ұлт» шеруін өткізу барысы туралы» тақырыбында журналистермен жүздесіп, жеке бастамаларын білдірді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Шараның негізгі мақсаты — Ұлы Жеңістің 74-жылдығына арналған «Қаhарман ұлт» шеруі кезінде тұрғындарды ұйымшылдыққа шақыру. Елдің арасында іріткі салуды ниет еткен адамдардың соңынан ермеуге насихаттау.
Жалпы бұл күні өткізілетін іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға шақыру. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жеткен толағай табыстарды бағалау.
Елімізді әлем танып, шекарасы бекітілген, ата заңы айқындалған зайырлы мемлекетке айналды. Ендеше, бүгінгі ел тыныштығын, бірлік пен берекені бағалай білуіміз керек.
Сонымен қатар, жастардың патриоттық сезімін арттырып, отансүйгіштікке баулу болып табылады.