Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды

0 2

Бұған қоса, маман күніне бір шыныаяқ кофе ішіп, алкогольден бас тартуға кеңес берді. Фитнес-бикини спортшысы Валерия Барченко ағзаға зиян келтіретін азық-түлік өнімдерін атады. Сарапшының айтуынша, егер олардан бас тартса, мінсіз дене сымбаты мен сұлулықты  сақтап қалуға болады.

Спортшы дұрыс тамақтану қағидалары ерлер мен әйелдерге ортақ екенін еске салды. Осы орайда ол әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік өнімдеріне тоқталды. Барченко нәзік жандарға фастфуд, газдалған сусындар, майға қуырылған картоп, майонез, кептірілген нан мен шұжық, сондай-ақ жылдам дайындалатын тағамдарды тамақ рационынан алып тастауға кеңес берді, деп хабарлайды life.ru.

Сондай-ақ, тұздалған және маринадталған өнімдер, ішімдік, кофе, картоп пен сәбіздің өзі де ағзаға зиян болып шықты. Спортшы артық салмақтан арылу үшін тұзды азайту керек екенін атап өтті, өйткені тұз артық судың организмнен шығуын тежейді екен.

Бұған қоса, маман күніне бір шыныаяқ кофе ішіп, алкогольден бас тартуға кеңес берді.

Әсіресе, сарапшының айтуынша, 45 жастан асқан әйелдер тамақтану рационына баса мән беруі тиіс. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын салмақты бақылау қиындай түседі.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.