Жамбылдық жастарға қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге қаржы бөлінді

0 10

Жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері ұсынатын құжаттар тізімі Тараз қаласы мен аудандарға жолданып, жергілікті жерлердегі «Жастар ресурстық орталықтары» грант беру механизмдері бойынша толық ақпараттандырылды.

Сондай-ақ, 2019 жылға «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантқа Республикалық бюджеттен 21 млн. теңге бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.