Үкіметте электронды сауданы дамыту мәселелері қаралды,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, 2025 жылға қарай қазақстандық интернет алаңдардағы сатып алынған заттар көлемі 2 трлн теңгеден артып, жалпы бөлшек сауданың 25% құрайды. Электронды сауданың экономикаға мультипликативті әсері 2025 жылға қарай ЖІӨ-ге жыл сайынғы салымды 1,1% деңгейінде болжауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде алты жылда 300 мыңнан астам жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туады. Осы ретте Үкімет басшысы Асқар Мамин электронды коммерцияны дамытудың арнайы жол картасын әзірлеуді тапсырды.