Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға 1 млрд. теңге төленді

0 8

Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 15341 отбасыдағы 79246 адамға ескі форматта 1,0 млрд. теңге төленді.  Бұл туралы  ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. 

Атап айтқанда 1 сәуірден бастап, жаңа форматта берілетін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 29650 отбасы анықталып, оның ішінде 98304 — бала, 4199 — студент. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Оған РБ-тен 13,3 млрд.теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмекке жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық округ әкімдіктеріне барлығы 26043 адам қайырылған, оның ішінде 20436 адамның өтініштері қабылданып, «е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген.

Нақтырақ айтқанда, 20346  отбасыға жаңадан атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға шешім қабылданып, қаржысы төленген. Алдыңғы айларда тағайындалған 7060 отбасыға 767,6 млн.теңге төленген. Нақтырақ айтсақ, мамыр айына тағайындаулар жүргізілуде. Оған республикалық бюджеттен 2,1 млрд.теңге бөлінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.