Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдауда

0 2

Полиция департаментінің фронт-офисінде Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізуде, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қабылдауда  департаменттің барлық басқармаларының басшылары, Тараз қаласының полиция бөлімдерінің бастықтары қатысып, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына құқықтық кеңес беруде.

Айта  кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында ашылған фронт-офиске бүгінгі күнге дейін түрлі өтініш, арыздармен 1300-ден астам азамат келген.

Қазіргі уақытта таңертеңгі сағат 10.00-ден бері Арман Оразалиев жол-көлік оқиғалары, ұрлық, бұзақылық, полиция жұмысы мәселелері және тағы басқа сұрақтар бойынша 15 адамды қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.