2019 жылғы 20 мамыр күні ішкі туризм бойынша ақпараттық турлар циклі басталады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Статистикалық комитеттің деректері бойынша, 2018 жылы 4,6 миллионнан астам ішкі туристер орналастыру орындарының қызметін алған екен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Бұл өсу үрдісі 2016 жылдан бері жалғасып келеді және ел ішінде саяхаттау халық арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын растайды.
Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
А.ж. 20-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстанның 4 аймағының туроператорларынан құралған топтың қатысуымен алғашқы ақпараттық тур өткізу жоспарланған. Олар сапар барысында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады.
Өңірлердегі туристік және санаторлық-курорттық нысандарды қамитын он күндік ақпараттық тур, қазақстандық туристік компанияларды еліміздің аумағы бойынша туристік өнімдерді қалыптастырып, оларды халық арасында насихаттау үшін ынталандыруға бағытталған. Осы мақсаттар үшін, турбизнес өкілдерінің қатысуымен бірнеше b2b кездесулер өткізу жоспарланған.
Атап айтқанда 21 мамыр күні – Бурабай, «Оқжетпес», 22 мамыр – Шымкент, «Megapolis» қонақ үйі, 25 мамыр,– Алматы, Visit Almaty туристік торабында және 27 мамыр күні – Өскемен, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ- де өтеді.