Талас ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

0 10

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жәрмеңкеге жұмыс берушілер тарапына 95 бос жұмыс орындары ұсынылды. Одан бөлек Талас ауданы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұйымдастырылған жәрмеңкенің нәтижесінде 16 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа, 5 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына және 1 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа жолдамаларын алды. Қалған бос вакансияларға, лайықты мамандарды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы негізінде туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.