Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі

0 7

Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, тек республиканың батысында және оңтүстіғінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі,  бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Павлодар түнде және таңертен Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі. Таңертен және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады.

Қызылорда, Түркстан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.