Ағымдағы жылы Жамбыл облысы ІІО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлініс қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер органдарына 3170 кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі құқық бұзушылықтары үшін жеткізілді, 601 жасөспірім және 386 қолайсыз отбасы есепке алынды. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке 25 жасөспірім орналастырылып, ата-ана құқығынан 31 ата-ана айырылған, ІІО есебіне құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың бес тобы қойылған. Есепте 609 жасөспірім тұр.
1011 бірлескен рейдтің 742-і мектептерде жастар мен жасөспірімдердің жиналған орындарын тексеру барысында өткізілді, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2783 жасөспірім анықталды.
Қабылданған нормаларды түсіндіру мақсатында 14 мамырда ПД КҚҚБ басшылығы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, прокуратура және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соттың өкілдерімен бірлесіп кеңейтілген семинар өткізді. Онда кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтарды азайту мақсатындағы ведомстволардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Балалардың жазғы демалысы қарсаңында Жамбыл облысының ювеналдық полиция тобы ата-аналарды өз балаларына мұқият болуға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, тиімді өткізу мәселелеріне назар аударуға, олардың қатысуымен, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді жасауға қатысты қарым-қатынастардан аулақ болуға шақырады.