Таразда көп кітап оқыған оқушы миллионер атанды

0 18

Тараздық 9-сынып оқушысы Әбдісейіт Казына көп кітап оқып миллионер атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ол «Кітап оқып, миллионер бол!» қалалық байқауында жеңіске жетіп, 1 миллион теңгені жеңіп алды. ​

​Байқаудың қорытындысы Тараз  қалалық Мәдениет үйінде өткен шарада жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша 8-11 сыныптар аралығы бойынша Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 9-сынып оқушысы Казына Әбдісейіт І орынды жеңіп алып, 1 миллион теңгелік жүлдеге ие болды. Ал, Керімбай атындағы №12 мектеп гиназиясының 10-сынып оқушысы Айгерім Мейірханова  ІІ орынды (500 мың теңге),   №7 мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы Галина Буркина ІІІ орынды (250 мың теңге) иеленді.

​5-7 сынып аралығындағы қатысушылар арасынан И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Айзере Ерен жеңімпаз атанып, 500 мың теңгені иеленді. Сондай-ақ, №10 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Бекжан мен №54 орта мектебінің 6-сынып оқушысы  Тоғжан Аллаберген ІІ орынды (150 мың теңгеден) өзара бөліссе, №30 мектеп гимназиясының 7-сынып оқушысы Сабина Сулеймен мен №31 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Гюзаль Османова ІІІ орынға (75 мың теңгеден) лайық деп табылды.

​Айта кету керек, жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құраған байқаудың негізгі мақсаты — балаларды кітап оқуға баулу болып табылады. Ұйымдастырушылар байқаудың аумағын кеңейтіп, дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.