Адам есте сақтау қабілетін қай жаста болса да жаттықтырып тұру қажет. Мұндай кеңесті зерттеуші мамандар әр кез ескертіп келеді. Дегенмен адам 17 және 20 жас аралығында ересек немесе балалық шаққа қарағанда ақпаратты жылдам қабылдайды екен.
Адамның қай жас аралығында ақпаратты жылдам қабылдайтыны жайлы ғылыми зерттеу жұмысы Nature Communications басылымында жарияланған. Ғалымдардың мәліметінше, білім алуда мидың теңбіліндегі дорсолатериалды бөлігі маңызды рөл атқарады. Мұның алдында мидың бұл құрылымындағы жас ерекшелігіне байланысты белсенділік зерттелмеген болатын. Лейден университетінің мамандары өткізген тәжірибеге 8 бен 25 жас аралығындағы 232 адам қатысқан.
Тапсырма бойынша қатысушылар компьютердің көмегі арқылы логикалық жаттығуларды шешкен. Ми бөліктерінің қызметі бақыланып сканерленген. Нәтижесінде 17 мен 20 жас аралығындағы қатысушыларда ақпаратты есте сақтау белсенділігі айқын байқалған. Ғалымдардың пікірінше, осы жаста адам ақпаратты жылдам қабылдайды екен.
Дереккөз: massaget.kz