Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан.
«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», — делінген жеделхатта.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрінің қызметіне табыс, халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.