Қала әкімі Қайрат Досаев «Шөлдала» тұрғын алқабының тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Тұрғындармен кездесуге сала мамандарымен бірге автобуспен барған Қайрат Әскербекұлы тұрғын алқапқа барар жолдың жайы мен ондағы бүгінгі таңда мәселелердің шешу жолдарын қарастыра отырды. Кездесуге жиналған көпшілікке тұрғын алқапты газдандыру мәселесі бойынша түсіндіріп өтті.
Газ құбыры келіп тұр. Оны мердігер компаниямен әр үйге кіргізу үшін төлемақысы 330000 теңгені құрап отыр. Төлемнің 50000 теңгесін қазір төлеп, қалған бөлігін бір жылға бөліп төлеуді ұсынды. Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша: жобалық –сметалық құжаттың дайындалып жатқанын жеткізді.
Арнайы трансформаторлық подстанция орнату үшін алқаптың барлық тұрғын үйлерінің мақсатын «тұрғын үй» статусына өзгертіп, құжаттарын тездетіп рәсімдеу қажеттігін жеткізді. Сол кезде пайдаланылған электрэнергиясы үшін төлемақы қалалық тарифке теңестірілетін болады.
Бүгінде алқап электрэнергиясын «Казфосфат» ЖШС-нен алып отыр. Төлемақы есептегіш құрал арқылы кооператив төрағасына төленуде. Ауыз су мәселесі бойынша таяу арада «Тараз су» мекемесіне жоба әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар алқаптың тұрғындарына жекеменшік-әріптестік негізде жұмыс істейтін азаматтарды тартуды ұсынды.