Аймақ басшысы бастаған топ Меркі ауданына бет түзеді. Мақсат — аудан, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын сезіну, әлеуетін барлау, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс басшысы Асқар Мырзахметов қайта тағайындалуымен құттықтаған, ізгі лебізін жеткізген барша жұртшылыққа алғысын арнап, жанды жұмыстардың жалғасатынын баса айтты. Артылған сенімге селкеу түсірмеуге барын салатынын жеткізді.
Жұмыс сапары барысында ауданның барлық елді мекені қамтылып, ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігі назарға алынатын болады. Ауылдықтардың тілек-пікірлері тыңдалып, өтініштері ескерілмек. Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған осынау облыстық бастама алдағы күндері өңірдің барлық аудандарында жалғасатын болады.