Жамбыл облысы бойынша 6 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсырады

0 3

Жамбыл облысы бойынша 6 мыңға жуық түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір емтихан тапсыруға арналған 10 орын дайындалды. Соның екеуі Тараздағы жоғары оқу орындарында болса, қалғаны аудандарда орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп бітірушілер биыл 4 рет ұлттық бірыңғай тест тапсыруға мүмкіндік алды. Көбі қаңтар, наурыз айларында өздерінің білім деңгейін тексеріп көрсе, ендігі кезеңі 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған қатысуға барлық жағдай жасалған.

Тараздағы жоғары оқу орындарының бірінде 2 мыңнан астам түлек тест тапсырады.

«Бүгінгі күнге тестілеу өткізетін 14 аудитория толық дайындалған. Барлық аудиторияларда қажетті кондиционерлер орнатылған. Тестілеу өткізу пунктінде медициналық қызмет жасақталған және қажет жағдайда медициналық персонал қызмет көрсетеді», — дейді ТарМУ қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Әбілхан Садыбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.