Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

0 0

Найзағаймен өткінші жаңбыр еліміздің тек кей жерлерде болжанады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр. Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32-39°С, кей жерлерде 40-43°С дейін жоғарылайды.

«Атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23-28, кей жерлерде 30-35°С дейін жоғарылауы күтіледі», — дейді мамандар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.