«Алматы-Ташкент-Термез» автожолы қайта жаңғыртудан өтті

0 0

Жамбыл облысында республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы қайта жаңғыртудан өтті. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыстың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі бүгінде 9 690 шақырымды құрайды.

Республиканың оңтүстік бөліктерін солтүстікпен байланыстыратын республикалық маңызы бар «Алматы-Ресей федерациясының шекарасы», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолдарын қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды басталып, толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

«2018 жылы жалпы жол саласына 12,1 млрд. теңге бөлінген. Жалпы алғанда бөлінген қаражаттар есебінен 18 шақырым шағалды жол салу, 26,4 шақырым күрделі жөндеу және 499,4 шақырым автожолдар мен көшелер орташа жөндеу жұмыстары атқарылды», — дейді Бақытжан Жәнібеков

Сондай-ақ, 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп, 2 жол өткелі қайта жаңғыртылды.

«Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тәжірбиесін жалғастыру арқылы жалпы 14,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, 8,0 млрд.теңге республикалық және 6,8 млрд.теңге жергілікті бюджеттерден бөлінді», — деді Бақытжан Оразалыұлы.

Айтуынша, қарастырылған қаржы есебінен жалпы 16,2 шақырым жаңа жол құрылысы, 6,2 шақырым қайта жаңғырту, 30 шақырым күрделі жөндеу және 550,1 шақырымға жуық орта жөндеулер жүргізілетін болады.

Ал бұл жол жөндеу жобаларының ішінде жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша 46 жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы, ал 51 жоба Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасына сәйкес, елді мекен көшелерін жөндеу үшін «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, 3 ірі жобаларды іске асыруды бастау көзделген. Яғни, ұзындығы 16,1 шақырым «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласын оңтүстіктен айналма» автожолының құрылысы, облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шақырымдарын қайта жаңғырту және облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолының 1,7-7 шақырымдарын қайта жаңғырту нысандары.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.