Таразда қайырымдылық мюзіклі қойылды

0 3

Жамбыл облыстық драма театрында Қазақстан мен Ресей федерациясының елшілігі мен облыстық әкімдіктің ұйытқы болуымен жасөспірімдерге арналған «Дым білмес пен оның достары» атты мюзиклдің көрсетілімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мюзиклге қаланың балғын тұрғындары мен ата-аналары, балалар қайырымдылық орталықтарының жасөспірімдері мен жетекшілері шақырылды.

Қызықты әрі көңілді көрініске «Махаббат құқығы» атты қоғамдық қорының тәрбиеленушілері атсалысты. Балалар жарты жыл бойы Алматылық атақты ақын, сазгер, қоғам қайраткері Мария Макарованың авторлық методикасы бойынша дайындалыпты.

Мюзикл Николай Носовтың «Дым білмес пен оның достарының хикаясы» сериялық кітабының алғашқы оқиға желісімен қойылыпты. Аталған шығарманың жарыққа шыққанына биыл 65 жыл. Көрермендер мюзиклдегі әрбір таныс кейіпкерлерімен оқиғаға елітіп, әнді бірге шырқап, құрмет-қошемет көрсетіп отырды.

Сондай-ақ, осы күні Мария Макарованың шығырмашылығына арналған «Жанның тынысы» атты поэзия кеші өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.