Тараз қалалық әкімдігінің, қалалық мәслихат депуттары, қала кәсіпкерлері, «Нұр Отан» қалалық партиясының ұйымдастыруымен Арыс қаласына әлеуметтік көмектер көрсету жалғасын табуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бүгін көмектің екінші легінде 30 тоннаға жуық азық-түлік, гигиеналық заттар, төсек-орын, киім-кешек жіберілді.
Еске сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери қойманың жарылуына байланысты Тараз қаласынан гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылып, әлеуметтік көмектің бірінші легі кеше аттанған болатын.