Жамбыл облысында өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы әкімшілік басқармасының басшысы А.Әбдіхалық, осы орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.Мамырбекова «Адам және оның ана тілі», «Жаңа жазу және оны үйрену» тақырыптарында әңгімеледі.
Сонымен бірге латын графикасындағы титрлармен «Селтең сері», «ІQ DOS» анимациялық мультфильмдері көрсетіліп, балаларға сыйлықтар үйлестірілді.