Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев Т.Рысқұлов ауданына барып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға келгендер, негізінен мал ұрлығы, жол қауіпсіздігі және ауылға бейне камералар орнатуға қатысты түйткілдi мәселелерді ортаға салды.
Сонымен қатар, ПД бастығының қабылдауына Құлан ауылының 72 жастағы тұрғыны жұмыссыз жатқан екімүгедек ұлын ем қабылдау орындарына орналастырып беру өтінішімен келді.
А.Оразалиев зейнеткер ананың екі ұлына шипажайға өз қаражатынан жолдама алыпберетінін және барып-қайтуларын көлікпен қамтамасыз ететінін айтты.
Оданбөлек, ауданның үш тұрғынының учаскелік полицейлерге оқиға орнына және шалғай аймақтарға кедергісіз шұғыл жетулері үшін автокөлік бөлу туралы сұрақтарына келесі шілде айында аудандағы 15 ауылдық округтің учаскелік пунктеріне 15 қызметтік автокөлік беретінін жеткізді ПД бастығы.
Қабылдауына келгендердің барлығын мұқият тыңдаған Арман Молдиярұлы кейбір сұрақтардың шешімін сол жерде тапса, 8 азаматтың өтініші бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығына нақты тапсырмалар берді.