Таразда 500 өнерпаз белгілі күйлерді бірлесіп орындады

0 1

Таразда Ұлттық домбыра күнін ұлықтау мақсатында 500 өнерпаздың қатысуымен «Домбыра — халық мұрасы» атты домбыра party өтті.

Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 500-ден астам өнерпаз  қатысты. Аталмыш филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі де шараның көрігін қыздырды.

Барлық қатысушылар бірлесіп  Түркештің «Көңілашар» күйін, ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаевтың бастамасымен «Көне Тараз» күйін, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен бірлесе «Ерке сылқым» күйін, Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлерін  шеберлікпен орындап, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды.

«Әр қазақ үшін киелі домбыра — ұлтымыздың символы, қазақ күйі — адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді, жүректі тербеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, терең ойларды сөзден артық жеткізеді. Көшпенділер заманында да солай болған, әлі де солай.  Бүгінгі мына іс-шара соның бір айғағы десек қателеспейміз»,— дейді белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.