Еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

0 8

3 шілде күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты  жаңбыр, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді», — делінген хабарламада.

Алматы, Жамбыл, Қарағандаоблыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, Қарағанда облысында екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

«Атырау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді», — дейді мамандар.

Айтуларынша, Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Павлодар, күндіз Батыс-Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.