Жамбыл облысында 1740 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Даурен Дайрабаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтын 2019 жылдың 19 маусымында «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы мен Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ауқымды айтылды.
Атап айтқанда, 2019жылдың 1-ші жартыжылдығындаҚР ӘҚбтК-нің 460 бабына сәйкес барлығы 1 129 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1 073 125 теңгеге айыппұл салынды.
Есепті кезенде«Аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі» индикаторы бойынша 59,8% құрады.
Әділет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, құқықтық түсіндіру жұмысының ауқымын кеңейтіп сапасын жақсарту.
Айта кетейік, есептік кезеңде әр түрлі бағыттар бойынша Департаментпен барлығы 2600 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген.