Бүйрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүшенің бірі. Әсіресе әйелдер қауымы үшін маңыздылығы өте зор. Себебі әйел адамның денсаулығы, сұлулығы мен сымбаттылығының басты кепілі. Сондықтан да бүйрек жұмысының нашарлауы, оның әлсіздігі әйел ағзасындағы түрлі дерттерден хабар береді. Осыған байланысты аурудың алдын алуға мүмкіншілік те туады. Назарларыңызға аурудың алты белгісін ұсынамыз.
1. Бүйрек әлсіздігінен бет, аяқ-қол, көздің айналасы ісіп кетеді. Бүйрек ағзадағы суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы нашарлайды. Мұны ретке келтірудің оңай шешімі ұйқы алдында суды аз мөлшерде ішіп, белге арналған жаттығу жасау.
2. Әйелдердің тез тоңу себебі бүйрек әлсіздігінен болады. Мұндай құбылысты жеңу үшін тамақтану рационын қадағалап, қой еті, сиыр еті, ащы бұрыш, пияз, зімбір секілді азықтарды көбірек пайдаланған жөн.
3. Бүйрек әлсіздігі әйелдің жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылығын төмендетіп, себепсіз ашуланып климакс тым ерте басталуына әсер етеді. Сонымен қатар бүйрегі әлсіз адамдар тез қартаяды. Ал мұның алын алу үшін түрлі емдік шараларды пайдаланып, жеңіл жаттығу түрлерін жасаған дұрыс.
4. Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, мидың шаршауы, ойдың үнемі бөлініп кетуі де бүйрек әлсіздігінен болады. Ағзадағы мұндай өзгерістерді жеңу үшін қаздың етін, саңырауқұлақ, жүзімді үнемі пайдалану керек.
5. Бүйрек әлсіздігінен әйелдердің ішкі секреция жүйесі әлсіреп, бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуі азайып, денедегі зат алмасу процесі бұзылады. Ол артық май жиналуына себеп болады. Оған қарсы тұру үшін алақанды бір-біріне ысқылап, жылы күйінде бүйрекке басу. Мұны күіне бірнеше рет қайталаған жөн. Сонымен қоса қаз, қоян, балық еті секілді азықтарды көп тұтынған дұрыс.
6. Бүйрек әлсіздігінен қан қысымы артады. Мұндай белгілер байқалысымен, аурудың алдын алып, дәрігерге көрініп, емдік шаралар қолданбаса, бүйрек істен шығып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Өз денсаулығыңыз − өз қолыңызда.
Дереккөз: massaget.kz