Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығының Білім, мәдениет және БАҚ бөлімінің басшысы Шэннон Хилл бастаған өкілдер 13-шілде күні, Тараз қаласындағы English Access шағын стипендиялар бағдарламасының аяқталуына байланысты салтанатқа қатысу үшін Таразға келеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
English Access шағын стипендиялар бағдарламасы – екі жылдық ағылшын тілін оқыту бағдарламасы. Ол әлеуметтік-экономикалық жағдайына, біліміне және талпынысына қарай іріктеліп алынған Қазақстан жасөспірімдеріне тегін ағылшын тілі курстарын ұсынады. Яғни, мұқтаж отбасынан шыққан балаларға сапалы білім алуға жол ашады. Бағдарламаның арқасында Қазақстандағы 2000-ға жуық Access түлегі ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, табысты адамға қажет дағдыларды да меңгеріп шықты. Access-ті аяқтаған соң, көптеген түлектер Қазақстанның озық жоғарғы оқу орындарына түседі, түрлі бағдарламалар аясында шетелде оқуға арналған гранттарға ие болады.
Қазақстанда Access 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазіргі күні Қазақстанның Алматы, Шымкент, Тараз және басқа қалаларда 12 бағдарлама жүргізілуде. Жыл сайын жаңа 5-6 Access бағдарламасы ашылып отырады, оған 30-ға жуық 8-10 сынып оқушысы қабылданады.
Тараздағы «Жамбыл жастары» үкіметтік емес ұйымы мен оның жетекшісі Наталья Дятлова Access бағдарламасын Тараз қаласында 2009 жылдан бері осымен алтыншы рет өткізіп отыр. Бағдарламаны 13-шілдеде бітіріп шығатын түлектер 2017 жылдың қарашасынан бері оқуда. 2019-2021 жылдарға Access Тараз бағдарламасының жаңа легі жоспарлануда.