Бүгінде тек Тараз-Алматы бағытына қатынайтын FlyArystan әуе компаниясының ұшақтары енді Нұр-Сұлтан, Қарағанды және БҚО-ны бетке алмақ. Бұл болашақ жоспарымен Жамбыл облысы әкімінің қабылдауында болған компанияның директоры Тим Джордан бөлісті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жамбылдықтар үшін қажет бар қолдауды көрсететінін жеткізді.
Мамыр айынан бастап әуе кеңістігіне шыққан FlyArystan бүгінге дейін 25 мың билет саудалаған. Оның 90 пайызға жуығы 10 мың теңгеден төмен. 180 орындық әуе кемесі күнделікті жолаушыға толы. Ендігі кезекте еліміздің өзге өңірлерін де қамтуды көздейді. Облыс әкімі компания өкілдеріне тек жолаушылармен ғана шектелмей, жүк тасымалын да қолға алуды ескертті.
Сондай-ақ, билет құнын аспандатпай, арзан бағада ұстауға ұсыныс білдірді. Бұл ретте компания өкілі Тараз әуежайы сервистік қызмет құнын қымбаттатпауға әкімдік тарапынан көмек көрсетуге ниет білдірді. Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі жауапты орынбасарына айтылған ұсыныс-тілектерді зерделеуді тапсырды.