Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов және Қожахан Көкрекбайұлы Жабағиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жұмыс сапары барысында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жаңартылған материалдық – техникалық базасымен танысты.
Мәжіліс депутаттарына 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 250 млн. теңгеге сандық автоматтандырылған лабораториялық қондырғылармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарының жұмысы көрсетілді.
Колледж директоры Ж.Р.Орынбаева «Баршаға арналған техникалық және кәсіптік-техникалық білім» жобасы, жұмысшы біліктілігі, орта буын маманы, қолданбалы бакалавриат бейіні бойынша көп сатылы кадрлар даярланатыны туралы баяндады.